Шымкентте кір жуу ұнтағының көшірмесін жасап келген цех анықталды

66

Шымккентте бүгінге дейін сауда белгілерін заңсыз пайдаланып келген азамат анықталды. Ол аса ірі көлемде кір жуғыш ұнтақтың көшірмесін жасаумен айналысқан. Осы ісі арқылы компанияға 10 млн-нан аса шығын келтірген. Өз кінәсін толық мойындаған азаматқа қандай шара қолданылды? Жалпы түпнұсқаны қалай ажыратуға болады?

Шымкентте әйгілі сауда белгілерін заңсыз пайдаланып, кір жуғыш ұнтақтарын шығарған жасырын цех анықталды. Жергілікті тұрғын заңсыз өнімдерді өз үйінде жинап, оны базарға сатып келген. Бүгінде цехта пайдаланылған таразы мен үтік-дәнекерлеу қондырғысы, 8 мыңнан астам бос пакеттер және жалпы соммасы 2 520 000 теңге жалған ақша тәркіленді.

Мейрам Мұқтаров, Шымкент қаласы Әділет департаментінің бөлім басшысы:
«1972 жылы туылған «А» есімді азамат өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша жасырын цех ашып, «TIDE» «ARIEL», «МИФ» кір жуу ұнтағын жасаумен айналысқан. Ол қазіргі таңда ҚР ҚК 222 бабының 1 тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, кінәсін толық мойындаған».

Департамент қызметкерлерінің айтуынша, көшірме ұнтақ қаптамасының түсі түпнұсқаға қарағанда қанық болады. Сондай-ақ шығарылған күнінде барлығына бірдей уақыт жазылатын көрінеді. Сала мамамандары мұндай сипаттағы тәркіленген өнімнің түгел көзін жойды. Дегенмен әлі де контрафактілік заттардан сақ болған дұрыс дейді.

«Шымкент қаласы Әділет департаментінің сот орындаушылары сот шешіміміне сай экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп кір жуғыш ұнтақтарын, контрафактілік заттарды жойды. Сотта заттай дәлеледемелер, 3, 6 және 9 кг-дық 1500-ге жуық дайын өнімдер жойылып отыр. Одан бөлек барф, пуш сияқты төмен бағадағы 10-20 келіллік ұнтақтары 51 қапта жойылды», – дейді Мейрам Мұқтаров.

Тергеп-тексеру шаралары кезінде айыпталушының компанияға 10 097 782 теңге залал келтірілгені анықталды. Алайда, жәбірленуші тараппен өзара келісім болғандықтан, қылмыстық іс қысқартылған. Ал шығын толығымен өтелді.