Шымкенттегі ақылы айып тұрағындағы көліктердің иесіне іздеу жарияланды. Қаладағы Громов көшесіндегі айып тұрағы 2004 жылдан жұмыс жасап келеді. Содан бері мұнда әлі күнге дейін иесі табылмаған 160-тан астам автокөлік бар.
«ЛТД Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшыларының айтуынша, көліктердің басым бөлігі жарамсыз болып қалған. Кейбірі шіри бастапты.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=k0RQbA9__PY[/youtube]
Тіпті, оқыс оқиға бола қалса жаз айларында өрт шығу қаупі бар. Сол себепті мамандар әкімшілік айыбы төленбесе де 2006 және 2010 жылдар аралығында осында жеткізілген жеңіл автокөліктерді иелеріне тегін қайтарамыз деп отыр. Олай болса, айып тұрағында көлігіңіз болса, мүмкіндікті пайдаланып, алып кетуіңізге болады.