Барселона университетінің түлегі Шымкентте іріктеу жасауда

169
Испандық маман наурыз айына дейін Шымкентте 17 жастағы футболшылардың бағын сынайды

Шымкенттегі «БИІК» футбол кешенінде республикалық «Жастар» турнирі басталды. Еліміздің барлық облыстарынан жиналған 18 команданың футболшылары ала допты қуалауда. 17 жастағы аяқдопшылар үшін бұл еліміздің құрама командасынан өз орнын табуға жақсы мүмкіндік. Өйткені, ойындарды тамашалауға Ю-17 құрамасының бас бапкері испандық маман Карлес Марторелл Шымкентке арнайы келген. Шахарымызға ат басын бұрған шет елдік жаттықтырушы оңтүстіктің футболшыларын да сынға алмақ. Басты мақсат құрама команданы қайта жасақтау үшін аяқдопшыларды іріктеу болып отыр.

Испандық маман наурыз айына дейін Шымкентте 17 жастағы футболшылардың бағын сынайды
Испандық маман наурыз айына дейін Шымкентте 17 жастағы футболшылардың бағын сынайды

Карлес Мартарелл, Ю-17 құрама командасының бас бапкері: «Менің алдыма қойылған басты мақсат Европалық аренада жақсы қарсыластық көрсете алатын команданы жасақтау болып отыр. Осы бағытта жұмыс жасауды осы турнирден бастауды дұрыс деп есептеймін. Ең алдымен футболшылар физикалық және техникалық жағынан мықты болуы тиіс. Жасыл алаңда тез арада шешім қабылдай алатын ойыншыларды іріктеп аламын.»

Тілшілермен кездесуде Карлес Марторелли наурыз айына дейін турнирдегі әр бір ойынды өзі бақылайтынын айтты. Сондай-ақ, бапкермен бірге Қазақстан футбол федерациясының спорттық директоры бастаған бір қатар мамандар да бұл күндері Шымкентте жастардың бағын сынауда.