Шымкентте бензин бағасы тағы төмендеді. Бағаның түсуін жерлестеріміз бірауыздан мұнай құнының құлдырауымен байланыстырып отыр. Жанар-жағармай бекеттері қауымдастығы бұл өзгерістің алдағы жарты жылда тұрақты болатынын болжауда. Ал тұрғындар енді өзге тауарлардың да бағасы арзандайтын болар деп үміттенеді.

Шымкентте бензин арзандады

АИ-92 маркалы бензин жүргізушілер арасында үлкен сұранысқа ие. Бензиннің осы түрінің бағасы бірден 10 теңгеге арзандағанын көлігі барлар түскі уақытта бірден байқапты.

Марат Баисов, қала тұрғыны: «АИ 92 99 теңге болды дегенді естіп, қуанып жатырмыз. Қазір де бензин құйдым. Енді өзге де өнімдердің бағасы түссе екен».

"АИ-92" маркалы бензині 99 теңгеге түсті

Марат Әуезов, қала тұрғыны: «Бензин бағасының түскені мынау Ресей рублімен де байланысты деп ойлаймын. Мұнайдың түсуі тағы бар. Бірақ бұл біздің қалтамызға жақсы, тиімді болды. Енді азық-түлік пен өзге де таурлар арзандайды, барлығы осы мұнаймен байланысты ғой».

Жанар-жағармай бекеттеріндегі баға энергетика министрінің бұйрығымен төмендеді. Бұл жөнінде ведомтсваның ресми сайтында жарияланған. Өзге де әлеуметтік желілер таңертеңнен бері жаңалықты жарыса жазды. Облыстық жанар-жағармай қауымдастығы басшылығының сөзіне сенсек, енді ел аумағында жарты жыл бойы бензиннің осы бағасы тұрақтайды.

Тұрсын Әлісатов, облыстық жанар жағармай қауымдастығы басшысының орынбасары: «АИ 96 жанармайының бағасы әр жерде әртүрлі — бір жерде 165 теңгеден, бір жерде 155-тен сатылуда. Бұрын 145 теңге тұратын. АИ-80 бензині сол нарықта тұр — бұрын да 89 теңге болған, қазір де солай. Бензиннің бұл түріне сұраныс жоғары деп айта алмаймын. Ал АИ-92-ні көліктеріне құюшылар көп, енді мұның саудасы бұдан да жақсы жүретін болды».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_TP_k-X21BE[/youtube]

Жанармайды жаңа бағамен сатуға әлі қаламыздағы барлық жанармай бекеттері үлгерген жоқ. Сондықтан кей бекеттерде әлі бұрынғы баға — «АИ 92» 109 теңгеден саудаланып жатыр. Айта кетейік, бензиннің осы маркасының бағасы соңғы жарты жылда бірнеше рет арзандады.