Түркістанда жанармайдың 10 мың тоннаға жуық қоры бар

48

Күнгей өңірде жанармайдың 9 күнге жететін қоры қалды. Ал кей аудандарда қазірден бастап мұнай өнімінің тапшылығы байқалып отыр. Сондықтан өңір басшысы мәселе көтеріп, жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар мен тапсырмалар берді.

Түркістанда АИ-92 жанармайының 9 күнге жететін қоры бар. Атап айтқанда қазір өңірде 9 мың 752 тонна мұрай өнімі сақтаулы. Оның 97 пайызы Шымкент мұнай өңдеу зауынынан тасымалданады. Мамандар олардың тұтыну барысын бақылау мақсатында «Қазақстан Темір жолы» мекемесімен байланыста жұмыс жүргізіп жатыр.


Нұргүл Әдбіразақова, ТО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Өңірдегі мұнай сақтау қоймаларында АИ-92 маркалы бензинінің 9 мың 752 тоннасы, дизельдік отынның 15 мың 723 тоннасы бар. Мұнай өнімдері талонсыз және шектеусіз сатылуда. Қазір көрсеткіштер бойынша ҚТЖ-мен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз»

«Қазақстан темір жолы» АҚ мәліметіне сүйенсек, Түркістан облысына сәуір айының басынын бері 328 цистерна АИ-92 маркалы бензині және 549 цистерна дизель отыны келген. Алайда қазір облыс аумағында жанармай тапшылығы байқалып жатыр. Сондықтан өңір басшысы мамандарға мұнай өнімі шетел асып кетпес үшін бекеттерді бақылауда ұстауды тапсырды.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Жергілікті атқарушы органдар жанармай бекеттеріне күтделікті мониторинг жүргізіп отыру керек. Көбіне бізді жанармай Жетісай, Мақтаарал, Келес аудандары арқылы шығып кетеді. Осы аумақтағы мамандар жұмысты күшейту керек. Өзіміз қолдан дефицит жасап алмайық, қатаң бақылауға алынсын»

Қазір күнгей өңірде АИ-92 мен дизель отыны тапшы. Мамандар оның себебін «Petrosun» ЖШС тарапынан мұнай өнімдерінің қажетті көлемде берілмей отырғанымен байланыстырды. Жиында бұл мәселе де назардан тыс қалмай, дефицитті жоюға арналған ұсыныстар енгізілді.