Шымкентте «МЕГА-Шымкент» сауда орталығында бомба бар деп жалған ақпар таратқан 8 балалы анаға қатысты сот үкімі өз күшіне енді.

2014 жылдың 11 шілдесінде көпбалалы ана сауда орталығына келіп, өзінің ұялы телефоны арқылы полиция бөліміне осы сауда орталығында бомба бар деп хабарлаған болатын.

003

Сауда орталығына келушілер қауіпсіз жерге көшіріліп, жарылғыш затты табу үшін барлық шаралар жасалған. Алайда келіп түскен хабарлама жалған болып шықты. Соңында телефон шалған азаматша анықталды.

Жалған ақпарат туралы қылмыстық іс өңделіп, сотқа берілген. Нәтижесінде Әл Фараби аудандық соты айыпталушыны ҚР қылмыстық кодексінің 242-бабына сәйкес кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.