Күдікті азаматша

Шымкентті шулатқан әйел ұсталды. Көп балалы ана ірі сауда орнында бомба бар деп хабар берген. Шымкентте «Мега-орталықтың» тынышын бұзған әйел, ең масқарасы, Алтын алқа иегері екен.

Күдікті азаматша
Күдікті азаматша

Жұма күні тұтас қала дүрлігіп қалды. Оған себеп – Шымкеттегі ең ірі сауда – ойын-сауық орталықтарының бірі жарылуы мүмкін деген дабыл көтеріледі. Оқиға орнына қаланың төтенше жағдайда жұмылатын барлық шұғыл қызметшілері жиналады.

Терроризмге қарсы орталық, ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстіктегі департаменті, прокуратураның жедел тергеу тобы, ішкі істер орталығының мамандар, төтенше жағдай қызметкерлері, жедел жәрдем дәрігерлері, саперлар мен аранйы жасақтың сарбаздары – барлығы да осында. Алайда жарылғыш зат табылған жоқ. Ал төрт сағат бойына қаланы шулатқан күдікті сол күні-ақ қолға түседі.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=QKbfhVPzk9c[/youtube]

[youtube]www.youtube.com/watch?v=AnDSZt5yNGg[/youtube]

Қолға түскен 46 жастағы әйелдің 8 баласы бар. Алтын алқа иегері. Өзі Қызылорда облысында тұрады. Шымкентке қыдырып келген екен. Бір қызығы, көп балалы ананың теріс қылығы бір бұл емес. Былтыр Қызылорда қаласында да жарылғыш затқа байланысты әзілдеген.

Күдікті әйел: «2013 жылы Қызылорда қаласындағы банкте «Бомба бар» деп хабарладым. Себебі, сол күні банкке есеп-шот аштыруға барсам, қыздар телефонмен әуре болып, жұмыс істемей отыр. Соған жыным келіп, «Ал, көріңдер» дедім де, «Бомба бар» деп айттым.»

[youtube]www.youtube.com/watch?v=fzlQVVnAEgE[/youtube]

Қазіргі таңда күдіктінің көп балалы екені ескеріліп, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Тергеу амалдары жалғасуда. Бір айта кетерлігі, сезікті әйелдің күйеуі де істі болып, есірткі затын тасымалдағаны үшін түрмеде жатыр.