Шымкентте кәсіпкерлер көбейеді

305

Шымкентте кәсіпкерлердің саны артуы мүмкін. Себебі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына қарасты кәсіпкерлер мектебін тағы 96 азамат тәмамдады. Олар арнайы сертификатқа ие болды.

IMG_8789

Кәсіпкер атанудың алғашқы баспалдағы бар. Ол — арнайы білім алып, сертификат иемдену. Кәсіпкерлер мектебін бүгін 96 жерлесіміз тәмамдады. Түлектердің арасында заңгер мамандығын меңгерген азамат та бар. Мадияр Оңдасынов бұған дейін мал шаруашылығын қолға алуды көздеген екен.

IMG_8645

Мадияр Оңдасынов: «Алдымен мал шаруашылығын бастаймын деп келгенмін. Осындағы мамандардың сабағына қатысып, ойым бірден өзгерді. Енді құрылыс саласы бойынша кәсіпкерлік жұмысымды бастамақпын, яғни кірпіштен бастап, ірі құрылысқа дейін. Әзірге қажетті қаржы 1,5-2 миллион теңге болып тұр».

IMG_8654

Осылайша болашақ кәсіпкер қаржыны мал шаруашылығына жұмсау тиімсіз деп шешіпті. Айтуынша, шағын кәсіпкерлік үшін оның шығыны көп.

Кіріс пен шығынды есептеп, таза пайданы таразыға салатын кәсіпкерлер мектебі өз жұмысын 2014 жылдың қаңтарында бастаған. Сол сәттен бері мұнда бизнес мамандары тыңдаушылардың шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің қыр-сырын түсініп, оны бастауы үшін қызмет етеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=sc5LX9foEpM[/youtube]

Мектеп ұжымы бүгінде азаматтарды өндіріс орнын ашуға баулып жатыр. Себебі жергілікті өнімдер әлі де тапшы. Бұл үшін бастауыш кәсіпкерлерге қолдау да көрсетілмек.

 IMG_8602

Береке Дүйсебеков, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығындағы кәсіпкерлік мектебінің директоры: «Бүгінгі жобалардың арасындағы үздіктерін таңдап, оны саралап, мамыр айында өтетін гранттық конкурстарға жолдама беріледі. Егер жеңген жағдайда жоба жүзеге аспақ. Мемлекеттік қолдауға ие болуы үшін де қадағалайтын боламыз. Біздің мектеп кәсіпкерлердің бизнес бастауына жағдай жасайды».

IMG_8683

Кәсіпкерлер мектебі өз ісін ашып, оны дөңгелетемін деушілер үшін күн сайын қызмет етеді. Ең бастысы — мұнда оқу тегін. Айта кетейік, бүгінге дейін кәсіпкерлер мектебін 13 612 азамат тәмамадаған.

Соның 640-ы жаңа кәсіпорындар ашып, жобалары 2 миллиардқа жуық теңгемен қаржыландырылыпты. Соның нәтижесінде, 400-ден астам жаңа жұмыс орыны ашылған.