«ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 136 мыңнан астам қызмет көрсеткен

551
«ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 136 мыңнан астам қызмет көрсеткен

Оңтүстік Қазақстан облысында «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Шымкент қаласы мен өңірдегі барлық 14 ауданда азаматтарға қызмет көрсетіп келеді. Орталық жалпы ашылған сәтінен бастап 136 мыңнан астам кеңестік қызмет көрсеткен. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте орталық директоры Ғани Өмірзақов мәлімдеді.

«ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 136 мыңнан астам қызмет көрсеткен

Айта кетерлігі, орталық 4 бағыт бойынша жұмыс істеуде. Олар: консалтинг бөлімі, бизнес-жоспарды әзірлеу және жобаларды сүйемелдеу, сондай-ақ рұқсат құжаттарын рәсімдеу мен кәсіпкерлік мектебі. 2017 жылдың 11 айында қызмет алуға орталыққа жалпы 15 мыңға жуық өтініш түскен, олардың 12 мыңнан астамы шағын және орта бизнес өкілдерінен болса, қалған 2212-і жеке тұлғалардың өтініші.

«ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 136 мыңнан астам қызмет көрсеткен

– Консалтинг бағытында мемлекеттік қолдау бағдарламалары жайлы және қаржы институттарының қаржыландыру шарттары бойынша 800-ге жуық кәсіпкердің қатысуымен семинарлар ұйымдастырылып отыр. Ал бизнес-жоспарды әзірлеу және сүйемелдеу аясында жалпы сомасы 4,7 млрд теңге болатын 1014 жоба қаржыландырылған. Сонымен қатар 1,6 млрд. теңгені құрайтын 39 жобаға қаржылай емес мемлекеттік қолдау көрсетілді, – дейді Ғани Әріпұлы.

«ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 136 мыңнан астам қызмет көрсеткен

Орталық директорының айтуынша, жалпы бизнес жоспар әзірлеудің бекітілген жылдық индикаторы 800 болса, 11 айда 1 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Жыл басынан бері қаржыландыру шарттарын түсіндіру аясында 285 кәсіпкердің қатысуымен 16 кездесу ұйымдастырылыпты. Бүгінгі таңда кәсіпкерлер мен ынталы тұлғалар орталықта кеңестерді тегін әрі «Бір терезе» қағидасы бойынша алып келеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі