Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымындағы № 728 Қаулысымен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілген.
Бұл бағдарлама Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында сөз болған тұрғын үй сату шарттарымен толықтырылып 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Бағдарлама шеңберінде мынадай негізгі бағыттар көзделген:
1) Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй.
2) ҚТҮҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй:
халықтың барлық санаттары үшін;
жас отбасылар үшін.
3) «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның тұрғын үйі.
4) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үйі.
5) Авариялық тұрғын үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобалар шеңберіндегі тұрғын үй.
6) Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.
Осы бағдарламаның үшінші бағыты «Қазақстандық ипотекалық компания»Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының тұрғын үйлерін сату болып табылады.
2015 жылы Шымкент қаласында «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы 15 тұрғын үй (1080 пәтер, 56 000ш.м.) құрылысын жүргізуде.
1бөлмелі — 270 пәтер, көлемі-31-32ш.м.
2бөлмелі пәтер -540 пәтер, көлемі – 50-51ш.м.
3 бөлмелі пәтер – 270 пәтер, көлемі – 68-69ш.м.
Бұл үйлер сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Егер, 1ш.м. жалдау құны шамамен 800-900 теңге болған жағдайда ай-сайын:
1бөлмеліге — 25 000теңге.
2бөлмеліге – 43 500теңге.
3 бөлмеліге – 59 000теңге төленуі тиіс.
«Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы «АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша Бағдарлама талаптарына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар келесі санаттарға жататын азаматтар ғана қатыса алады:
көп балалы отбасылар;
толық емес отбасылар;
мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
оралмандар;
мемлекекттік,әскери,арнаулы мемлекеттік орган,бюджеттік ұйым қызметкерлері.
Құжаттарды қабылдау халыққа қызмет көрсету орталықтары және азаматтардың ыңғайлылығы үшін «е.акимат»-портал арқылы (өтініш берушінің электрондық сандық қолтаңбасын пайдаланумен) іске асырылатын болады.
Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар мен критерийлер бойынша жүргізіледі:
1 кіші топ – ЖАО-да осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде үш жыл некеде тұрған, балалары бар және ерлі-зайыптылардың екеуі де 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтке), сондай-ақ, жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл ата-ананың бірі ғана баласын тәрбиелеп отырған толық емес отбасы;
2 кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы ЖАО-да кезекте тұрғандар.
Тұрғын үйлерді беру келесі үйлесім бойынша іске асырылады:
50% — 1 кіші топ үшін;
50% — 2 кіші топ үшін.
Ал егер де азаматтар тұрғын үй кезегінде басқа санаттар бойынша тұрған болса, мысалы:
— Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары;
-Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына теңестiрiлген адамдар;
-кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
-мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңiстiгiне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
-1 және 2 топтағы мүгедектер;
-экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
-жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар — бұлар бұл бағытқа қатыса алмайды.
Өтініш берушілерге (үміткерлерге) қойылатын негізгі талаптар:
1. Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрушы мәртебесін дәлелдеу;
— өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің Шымкент қаласында мекенжай бойынша тұрақты тіркеуде бар болуы;
— Бағдарламаға қатысушыда және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде (ерлі-зайыпты, кәмелетке толмаған балалары), сондай-ақ өтініште көрсетілген және отбасы құрамына енгізілген басқа отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үйінің болмауы және Қазақстан Республикасының аумағында е соңғы бес жылдың iшiнде қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналу фактісінің болмауы.
2. Тұрғын үйді сатып алудың шарттары бойынша төлем қабілеттілігін растау.
Жалға беру шарттары:
1. Сатып алу құқығымен жалдау мерзімі – 20 жылға дейін, табыс жеткіліксіз болған жекелеген жағдайда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жалдау шартының мерзімі 30 жылға дейін ұзартылуы мүмкін, бес жыл өткен соң жалға алушының мерзімінен бұрын сатып алуға құқығы бар және жалдау шарттары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу уәкілетті органында тіркелуі міндетті түрде.
2. Жалға алушының табысы жеткіліксіз болған жағдайда жалдау төлемін енгізу бойынша кепіл берушілерді тарту мүмкіндігі;
Қатысушылар арасындағы іріктеу тұрғын үй комиссиясымен тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебі тізіміне және сол кезекке тұрған күніне сәйкес жүргізіледі.
Оған қоса, қабылданған құжаттар негізінде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар кезегіндегі азаматтар тізіміне түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Егер де кезекте тұрушымен ҚР бойынша тұрғын үй сатып алғаны анықталатын болса немесе тұрғын үйді иеліктен шығару фактісі болса, не болмаса өтініш берген кезде санаты болмаған жағдайда, онда азамат коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар кезегінен шығарылуға жатады.
Бағдарлама аясында меншікке Бағдарламаның барлық бағыттары және Қазақстанның барлық өңірлері бойынша 1 ғана бірлік тұрғын үй немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй сатып алуға болады.
Жалға беру төлемі және олардың есеп айырысу сомасына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» АҚ өкілдігіне хабарласу қажет.
Өтініш тапсыру үшін төмендегі құжаттар қажет:
— өтініш берушінің, отбасы мүшелерінің жеке басының куәліктерінің көшірмелері;
— неке қию (некені бұзу туралы) туралы, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы, баланың тууы туралы куәліктерінің көшірмесі;
— өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтама;
— өтініш берушінің жұмыс орнынан кіріс айлығы туралы анықтама;
-өтініш берушіде және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы аумағында меншік құқығында немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйі бар болуы немесе жоқ болуы туралы мәлімет;
-өтініш берушінің және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің Астана қаласында тұратынын растайтын тіркеу жөніндегі мәлімет;
-отбасы мүшесінде мүгедектілігі бар болуын растайтын мәлімет;
-Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәттен бастап кезек нөмірін көрсетумен тұрғын үйге мұқтаждылар кезегінде тұруы туралы мәлімет.
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда Шымкент қаласының Тұрғын үй секторының қызметкерлерімен азаматтар қосымша құжаттарды ұсыну үшін шақырылуы мүмкін.