Ел тарихында алғаш рет «Astana Arlans» боксшылары өз қарсыластарымен Шымкентте кездеседі. Бастапқыда наурыздың 13-іне жоспарланған жекпе-жек кейіннен бір күнге шегерілді. Польшалық «Rafaco Hussars Poland» командасы шаһарымызға 13 наурыз күні келіп, «Отырар TV» телеарнасының ғимаратында баспасөз мәслихатын береді деп күтілуде.
![Отандық командадан жеңіс күтеміз!!!](https://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2015/03/image50863.jpeg)
Кездесуден бір күн бұрын боксшылармен Оңтүстіктің БАҚ өкілдері танысып, сұқбат алуға мүмкіндік болады. Ал қос команданың кездесуі наурыздың 14-і күні Шымкенттегі жеңіл атлетика манежіне жоспарланған. Жарысқа дейін астаналықтардың жетекшісі Серік Сапиев те қаламызға келіп, Оңтүстіктің бокс сүйер қауымымен жүздеседі деп күтілуде.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=y3yc1iRhQ2Q[/youtube]