Енді көшелерге кісі есімін беруге тыйым салынды, ал бұған дейінгі атаулар толығымен өзгертіледі. Бұл жөнінде бүгін облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының басшылығы мәлімдеді.
Өзекті шараға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов пен аудан-қаланың ономастика бөліміне жауапты мамандар шақырылған. Олар өңіріміздегі көшенің атауларын жіті талдап, көпұлтты елдімекендер үшін табиғат атауын қолдануды ұсынды.
Жиналғандар бұдан бөлек жекенің меншігіндегі мекемелердің маңдайша жазулары талапқа сай келмейтін тағы да көтерді. Айтуларынша, қызметін енді ғана бастаған кәсіпорындар мен шағын мекемелердің басшылығы да атауды шет тілінде қоюды сәнге айналдырған. Мұндай жағдай мен кісі есіміне берілген көшелер, әсіресе, Сайрам ауданында жиі кездеседі.