«Шымкент жастары» мекемесінің ұйымдастыруымен 8 наурыз — әйелдердің халықаралық күніне орай Қазақ қызының бейнесін ашу және ұлттық салт-дәстүрімізді жастар арасында насиxаттау мақсатында «Көктем аруы — 2015» байқауы өтті. Байқауға жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарынан 13 ару қатысып, 3 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасты.
Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат барша әйелдер қауымын, қала жастарын 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда үлкен үлес қосып жүрген азаматшаларды қала әкімінің алғыс xатымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сонымен, «Көктем аруы — 2015» байқауының жеңімпаздары:
Бас жүлде — Нұсқабай Назерке Ерxанқызы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенті.
І орын — Мырзаxметова Айгерім Сайынқызы, Оңтүстік Қазақстан политеxникалық колледжінің студенті»
ІІ орын — Тұрар Жанар Бағдатқызы, 5 колледж студенті
ІІІ орын — Тортай Қазына Асқарбекқызы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Дереккөз: «Шымкент жастары» мекемесі