«Өзіңе өмір сыйла»

749
#SHYMKENTZHASTARY #ZHAS1

Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облысы әзіл-сықақ және сатира театрының жанынан құрылған «Драм арт» тобының «Өзіңе өмір сыйла» атты театралды қойылымы өтті.

Қойылымның мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасында суицидтің, девиантты мінез-құлықтың, алдын алу. Өмірден алынған жағдайлар арқылы әрбір жасқа тәлім-тәрбие беру. Жастар арасында бірін-бірін құрметтеу, достық, мейірімділікке тәрбиелеу.

Аталған іс-шараға қала аумағында орналасқан жалпы орта білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары қатысты. Осы жас аралығында жасөспірімдер көптеген қиын ситуацияларға түсіп, ата-анамен қарым-қатынастың нашарлауы, достары, қоршаған ортаның факторлары себебінен болған жағдайлардың алдын алу, керекті көмек беру.