«Rixsos» қонақ үйінде ардақтыларға арналып ақ дастархан жайылды

766

Бүгін Оңтүстіктің аяулы қыз-келіншектері қаламызда жаңадан ашылған «Rixsos» қонақ үйінің мейрамханасында бас қосты. Оларды жайылған ақ дастархан мен облыс өнерпаздарының көңілді концерті күтіп тұрды.

Ақжаулықты аналар мен әдемі әйелдерді облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов құттықтады. Естелікке сыйлық берілді, құшақтарын гүлге толтырды. Мейрамханада облыс, қала әкімдігінің ер жігіттері аяқтарынан тік тұрып, қызмет көрсетті. Бір қолымен әлемді, екінші қолымен әлемді тербеткен аналардың амандығын тіледі.