Түркістанда 16 оқушы мінген «Газель» өртеніп кетті

1

(Көрнекі фото/zabrab75.ru)

Түркістан облысында «Газель» өртенді. Көлік ішінде жүргізуші мен 16 оқушы болған. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан.

Оқиға «Шымкент-Самара» автожолында орын алған.

Төтеншеліктердің мәліметінше, көлік толығымен өртенген. Жолаушылар мен жүргізуші көліктен шығып үлгеріпті.

Өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталуда.