Тағзым күнінде батырларға тағзым жасалды

481

Бүгін, 20 наурыз Оңтүстікте Тағзым күні деп аталып өтеді. Осыған орай Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай мен облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Берік Уәли бастаған топ Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларды еске алып, Даңқ монументіне гүл шоқтарын қойды.

Себелеп жауған ақ жауынға қарамастан қаланың белсенді жастары да бабалар руxына құрмет көрсетіп, мәңгілік алаудың алдын гүлмен көмкерді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі