Темір тордағы сұлулар сайысы

396

Әдемі тігіп, сәнді киіну. Шымкентте темір торға қамалған әйелдер арасында сұлулар сайысы өтті. Аты айтып тұрғандай, байқау қатысушының сымбатты болуы жеткіліксіз, үміткердің тігін тігу шеберлігі де ерекше ескерілді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=pD8_z6rnGwY[/youtube]

Ардақ Баубекова алдымен тырнақалды туындысын киіп, ортағы шықты. Жазасын өтеуші сұлулар сайысында қазақтың ұлттық киімінің үлгісін мақтана таныстырды. Бойжеткеннің айтуынша, абақтыға кісі өліміне айыпталып түскен. 19 жылға бас бостандығынан айрылған ару әзірге жазасының 3 жылын ғана өтепті.

Ардақ Баубекова
Ардақ Баубекова

Ардақ Баубекова, жазасын өтеуші: «Көптің алдында өнер көрсеткенде қобалжыдым, үлкен әсерді сезіндім. Бірақ бойымдағы өнерді көрсетіп, үздік атануға тырыстым. Тар жерге қамалғаныммен, мұнда қарап отырғым келмейді. Тігін тігіп, өз қиялымдағы киімдерді жасағым келді. Сондықтан, тігін цехында жүріп қолөнерді үйреніп жатырмын. Енді ғана қолыма ине алғандықтан, әзірге білетінім аз. Бірақ алдағы уақытта мейлінше меңгеріп, цехта қызмет етпекпін. Осылайша қоғамдық шараларға белсене қатыссам, менің жазам жеңілдеп, ертерек түрмеден шығамын деген үміттемін.»

167/4 түзету мекемесіндегі тігін цехы осыдан 6 жыл бұрын жұмысын бастаған. Бүгінде 50-ге тарта қызметкері бар. Оның жетеуі биылғы сұлулық сайысына қатысып, өздерінің қолөнер еңбектерін таныстыруға мүмкіндік алды. Ал қазылар алқасы үміткерлердің сымбатына ғана емес, ой ұшқырлығына, тігістеріндегі кәсіби шеберлігіне баса назар аударды. Себебі жеңімпазға тағайындалған тарту бар.

7066

Айдар Нұрсеитов, 167/4 түзету мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі: «Әкімдік тарапынан тағайындалған сый-тарту — теледидардан бөлек, белсенділік танытып, қоғамдық шараларға қатысқан азаматшалардың жазасы жеңілдетіледі, яғни, тағайындалған мерзімі қысқартылады. Мұндағылар құр жүрмесе екен, түрмеден шыққан соң өмірде өз орындарын тапса деген мақсатпен тігін цехтары жұмыс жасайды. Ал білімдері жоқтар үшін кешкі мектеп бар, тіпті тігін тігуді үйрететін колледж де қызмет етіп келеді.»

мойын ормалынан сән сайысы
Мойын ормалынан сән сайысы
қазылар алқасы
Қазылар алқасы

Сайысқа қатысқан әр ару қолөнерден басқа сұрақ-жауап және мойын ормалын орау сынды бөлімдерден сынға түсті. Олардың өнерін тергеу изоляторы мекемесінің қызеткерлерінен құралған топ бағалап отырды.

көрініс қойылды

Сонымен, абақтыдағы арулар арасында өрбіген сұлулар сайысының бас жүлдесін Елена Немолочнова жеңіп алды. Айта кетейік, бүгінде 167-4 түзету мекемесінде 20-70 жас аралығындағы 300-ге тарта азаматша жазасын өтеп жатыр.