Жеңістің 70 жылдығына орай Оңтүстіктің жарық берушілер ардагерлерге сый жасап отыр. Шымкенттегі «Энергопоток» және «Оңтүстік Жарық» компаниялары облыс аумағында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тарту жасамақ. 2015 жылдың 1 наурызынан бастап 31 желтоқсанына дейін әр ардагерге айына 70 кВт жарық берілетін болды.