Ұлттық театрлар фестивалі аяқталуға жақын

325

Шымкентте Қазақстан ұлттық театрларының ІІІ республикалық фестивалі аяқталуға жақын. Бүгін облыстық өзбек драма театы драматург Байғали Есенәлиевтың «Мұхаммед Хайдар Дулати» трагедиясын көрсетті. Ал бұған дейінгі 4 күн ішінде облыстық орыс драма театры Тахауи Ахтановтың «Ант» спектаклін ұсынған болатын.

Дәл осы ғимаратта республикалқ мемлекеттік кәріс музыкалық комедия театры Ж.Солтиеваның «Әйел махаббаты» спектаклін сахналады, 8 сәуір күні республикалық неміс драма театры Брехттің «Ия-Жоқ» шығармасын қойды.

Ал біздің жерлестеріміз, академиялық Ж.Шанин атындағы қазақ драма театырының ұжымы қаламгер Мархабат Байғұттың «Қарлығаш әулие – Төле би» атты тарихи туындысын көпшілік назарына ұсынды.

Биыл 3-рет қолға алынған ұлттық фестивальдің жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 10 сәуір күні сағат 11:00-де, Шымкенттегі Астана даңғылы бойындағы алаңда өтеді деп жоспарланып отыр.