Бойжеткендерге қызыл түс жарасыды келеді

Әйелдер футболынан 2015 жылғы маусымы басталды. Ел кубогі жолындағы сайыс Шымкентте өтуде. Ал Қазақстан чемпионатының жалауы 16 сәуірде көтеріледі.

Бастапқыда жоспарланған 8 команданың орнына бесеуі ғана жасыл алаңда шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алады. Оған себеп – қыздар футболындағы қаражаттың тым аз болуы.  14 облысы бар Қазақстан үшін бұл жақсы көрсеткіш деп айту қиын дейді мамандар.

Кәсіби футбол лигасының басшысы оңтүстікке сапарын қыздар футболындағы жаңалықтардан бастады
Кәсіби футбол лигасының басшысы Оңтүстікке сапарын қыздар футболындағы жаңалықтардан бастады

Еліміздің қыздар футболына қатысты жаңа даму бағдарламасы қабылданды. Бұл жөнінде кәсіби футбол лигасының басшысы Бағлан Ергешев мәлімдеді. Тілшілермен жиында елімізде қыздар футболының дамуына өз үлесін қосып жүрген Бауыржан Әбдуаитовтың да айтары бар болып шықты. Ең бастысы – европалық аренада жеңіске жету қажет.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ZG4VFnoYKbY[/youtube]

Бауыржан Әбдуаитов, ҚФФ қыздар футболын дамыту комитетінің төрағасы: «Лиганың соңғы жиынында әйелдер футболын дамыту мәселесі сөз болды. Алдағы уақытта ерлер арасындағы премьер-лига клубтарында 17-жасқа дейінгі қыздар командасы құрылу міндеттелінеді. Ол дегеніміз – тағы 14 команда. Ал бұл жастағы бойжеткендерді футболға тарту қиын емес. Бүгіннің өзінде ала допты қуаласам деген жеткіншектер көп деп сеніммен айта аламын. Ал болашақта сол бойжеткендеріміз өсе келе жоғары лигада шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алады және де командалар қатары да көбейе түседі.»

Бойжеткендерге қызыл түс жарасыды келеді
Бойжеткендерге қызыл түс жарасады

Енді қазақстандық құрама командалар қызыл түсті жейдемен болады. Қазақстан федерациясы бойжеткендерге бүгін осындай сый жасады. Футболшы бойжеткендерге қажетті құрал-саймандар да тарту етіліп, барлығы бірге естелікке суретке де түсті.

Бойжеткендеріміз кезекті маусымға дайын
Бойжеткендеріміз кезекті маусымға дайын

Бұл күндері Қазақстанның қыздар футбол командалары Шымкентте жүр. Алдағы бір апта бойында қаламызда ұлттық кубок жолындағы жарыс өтеді. 8 сәуір күні алаң қожайындары мен көкшетаулықтар ақтық кездесуде бас жүлде үшін таласады.