Шымкенттегі Нұрсәт шағынауданындағы көпқабатты жаңа үйлерге су берілді. Еске салайық, осыған дейін су берушілер мен мердігер компанияның арасында түсінбеушілік туындап, құжаттардың қателігінен тұрғындар тіршілік нәріне қол жеткізе алмай отырғаны айтылған. 6 сәуір күні кешкісін мәселе шешіліп, №9, 10, және 13-үйлердің тұрғындары су ала бастады.