Оңтүстікте иммундау апталығы басталды

384

Екпе салдырғаныңыз үшін сыйлыққа жейде аласыз. Бұл – Шымкенттегі имундау апталығы аясында қолға алынған шара. Бүгінде шымкенттік емхана дәрігерлері дер кезінде егуден өтпеген азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Көк жөтелге қарсы екпе салдырғандар медбикелерден жейде сыйға алуда. Ақ халаттылардың айтуынша, иммундау – адам ағзасы үшін қажет шара. Өйткені дер кезінде жасалған егу арқылы жұқпалы ауруларды алдын алуға болады екен.

Акция барысында профилактикалық екпе алғысы келетіндер тіркелген мекен-жайының бар-жоғына қарамастан аумақтық емханаларға барып тегін егіле алады.