Ат үстінде нысанаға көздеу оңай боламасы анық

Таяуда Оңтүстіктің ат спортының жанкүйерлері Наурыз мерекесінде жамбы атумен танысты. Биыл жерлестеріміз ұлттық ойындардың думанын сәуір айына жоспарлапты. Шымкенттіктер атшабарға жиналып, көкпар, теңге ілу, қыз қуу, бәйге, жамбы ату сынды ойындардың куәсі болды.

Сол ойындардың ішінде, әсіресе, жамбы ату көпшілікті қызықтыра түсті. Спорттық ойындардың тізіміне кірген ат үстінде нысана көздеуді Оңтүстік жұртшылығы алғаш рет тамашалады. Осыған дейін бұл ойыннан жарыс өтпейтін. Тек соңғы жылдары ғана жамбы ату қолға алынуда. Биылдан бастап ұлттық спорт түрлері мектебінде арнайы бөлімше ашылып, бүгінде екі бапкер 24 жерлесімізді жамбы атумен жаттықтыруда.

Ат үстінде нысанаға көздеу оңай боламасы анық
Ат үстінде нысана көздеу оңай емес

Жамбы ату – Қазақ халқында кең тараған мергендік сынның бір түрі. Атпен шауып келе жатып жігіттер екпінін бәсеңдетпестен құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуы тиіс болған.

Ереже бойынша жігіттер сөреде өз сәйгүліктерінің жанында болады. Төреші белгі берісімен олар аттарын тез ерттеп, шаба жөнеліп, жолындағы нысаналарды атып құлатуға тиісті. Төрешілердің ұйғарымы бойынша нысана бірнешеу болады.

Әзірге жамбы атушылардың шеберлігі аздау. Ресми жарыстардың қатары көбейсе, жерлестеріміз тәжірибе жинақтап алатынына бапкерлер сенімді. Атшабарға жиналған халық та ұлттық ойындардың жиі өтіп тұрғанын қалайды.

Бүгінде моңғол халқы да қолға алынып отырған ойынның бұл түрінен құрал-сайманды да сол елден сатып алуға болады.  Оның әр оғы арнайы майысқақ ағаштан жасалады, ал садақтың өзі мүйіз сүйегінен болады екен. Оңтүстік Кореяда шығатын садақ сапасына қарай 500 долларға дейін тұрады.