Оңтүстіктің ескекшілері ұлттық олимпиада комитетінің арнайы марапатына ие болды

428
Д.Жарменов: "Ендігі мақсат Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алу."

Оңтүстік Қазақстан облысының ескек есу спорты федерациясы Қазақстанда олимпиадалық спорт түрінің дамуына қосқан үлесі үшін арнайы дипломмен марапатталды. Дипломға федерацияның президенті және ұлттық құрама команданың басшысы Денис Жарменов ие болды. Марапат ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Темірхан Досмұхамбетовтың атынан жетіп отыр.

Д.Жарменов: "Ендігі мақсат Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алу."
Д.Жарменов: «Ендігі мақсат — Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алу»

Денис Қасымұлы бастаған ескек есушілер биылғы маусымды жақсы нәтижемен бастады. Алматыда өткен ел кубогі үшін сайыста 19 алтын медальға қол жеткізіп, жарыста ойнатылған жүлде қордың 90 пайызын шымкенттіктер еншіледі.

Бұл дипломға ескек есушілер ел кубогіндегі жеңісінің арқасында қол жеткізіп отыр.
Бұл дипломға ескек есушілер ел кубогіндегі жеңісінің арқасында қол жеткізіп отыр.

Әлібек Нұртаев, ОҚО дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы: «Өңірімізде жаңа ескек есу базасы іске қосылады. Спорттық базаның ашылуы спорттың бұл түрінің дамуына үлкен бір серпіліс береді. Оның үстіне Шымкентке өзге облыстардан да жаттығуға спортшылар келеді. Сондай-ақ, кезінде Оңтүстікте арнайы спорт мектебі жұмыс жасап, академиялық ескек есуден мамандар болған. Енді осы спорттық нысан ашылса, ескек есудің академиялық түрін де ашуды жоспарлап отырмыз. Ол дегеніміз қоржынымызға қазіргі кезден де көп медаль түседі.»