Ордабасыда дәрігерлік нысан ашылды

378

Ордабасы ауданындағы Берген ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Екі мыңға жуық тұрғыны бар ауылда бой көтерген жаңа ғимараттың құрылысына 42 млн-нан астам теңге жұмсалған.

Мұнда қызметкерлер мен ем алушыларға қажетті жағдай жасалды. «Нұрас-79» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратты жаңа медициналық қондырғылармен жабдықтаған денсаулық сақтау мекемесі күнделікті 25 науқасты қабылдап, ем көрсете алады.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі С.Сапарбаев ауыл тұрғындарын құттықтап, өткен жылы ауданда осы сынды үш медициналық нысанның ел игілігіне берілгенін айтты.

Айта кету керек, бұл пункт – Ордабасы ауданында биыл пайдалануға берілген екінші нысан.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі