Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өткізілді. Оны Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ұйымдастырған.

018

2015 жылғы 10 сәуірде өткен кездесуге Шымкент қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ОҚО бойынша № 5 қалалық бөлімінің қызметкерлері қатысқан.

020

Іс-шара барысында департамент тапсырысымен дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның қоғамға қауіптілігі жөнінде түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықпен күресуді бүгіннен бастаңыз!» тақырыбында пікір-таластар жүргізілді.

019

Осындай іс-шара сол күні Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен де өткізілді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі