Қаратау ауданында алдағы қыста жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бастады. Қазіргі таңда әкімшілікке қарасты «Нұрсәт» шағынауданында көпқабатты тұрғын үйлерде сығымдау жұмыстарының екінші кезеңі жүргізіліп жатыр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=OJsPesKmzcU[/youtube]
Бұл іспен келісім-шартқа сәйкес «Спецкомплект Сервис» ЖШС мамандары айналысуда. Мердігер компанияның жұмыс сапасын Қаратау аудан әкімішілігінің қызметкерлері бақылап жүр.
Жұмабек Исмаилов, «Спецкомплект Сервис» ЖШС директоры: «Нұрсәт» шағынауданындағы тұрғын үйлердегі жертөлесіндегі жылу құбұрларын тексерудеміз. Жергілікті тұрғындармен 2014 жылдан бері келісім-шартпен жұмыс істеп келеміз. Биыл 106 үйдің тұрғындары келісім-шарт түзді. Енді біз осы үйлердегі жылу жүйесін тексеруді, жөндеуді өз міндетімізге алдық.»
Жоспарға сай «Нұрсәт» шағынауданындағы 204 көпқабатты үй биылдың қыркүйек айына дейін жылыту маусымына дайын болуы тиіс.