Бұған дейін үй қамауында болған «Дефиле» дүкендер желісінің басшысы уақытша тергеу абақтысына қамалды. Енді ол сот процесіне дейін қамауда болады. Дүкен қожайынына қатысты тағы бес жұмысшысынан да шағым түскен.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Do77RL1EazM[/youtube]

Олар иесі өздеріне қысым көрсетіп, қомақты қарызды мойындарына іліп отырғанын айтыпты. Жұмысшылардың бірі оператор болған. Еске сала кетейік, осыдан бір апта бұрын дүкен қожайыны қарамағындағы әкімшіні ұрлап әкетіп, оны ұрып-соққан. Жұмысшысы 2 млн теңгені қымқырды деген қожайын осылай ақысын қайтармақ болса керек.