Қазығұрт ауданын сумен толық қамту ісі жалғасуда

392

Бүгінде Қазығұрт ауданындағы 64 елдімекенінің 70 пайызы ауызсумен қамтылған. Аудандағы 11 ауылда қазір ауызсу кестемен берілсе, қалған 30 шақты елдімекен тұрғындары 24 сағат бойына таза ауызсуды пайдаланып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=-zLqQ9w0N6I[/youtube]

Қазір ауызсу жеткізілмеген 22 елдімекенде су қорын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті билік өкілдері Кеңес Одағы кезінде пайдалануға берілген су құбырлары елдімекендерді үздіксіз ауызсумен қамтуға мүмкіндік бермей отыр дейді.

Ауызсусыз отырған елдімекендердегі су қоры анықталып болған соң жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Жауыптылар жоспарға сәйкес 2020 жылы ауданды толықтай сапалы ауызсумен қамтуға уәде беріп отыр.