Сот Түркістан облысы Қазығұрт ауданында 8-сынып оқушысын азғындық жолға түсірді деген мұғалімді бас бостандығынан айырды. Ол 12 жыл 6 айға түрме жазасына кесілді. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.
«Сот үкім етті, Айбек Бақытжанұлы Жалауов Қылмыстық кодекстің 124-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған педагогикалық лауазымдардан және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 12 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын».
Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазығұрт ауданы Атажұрт ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімін «Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру» бабымен кінәлі деп тапты. Оған осы баппен 12 жыл 6 айға түрме жазасын кесті. Ол жазасын қауіпсіздігі орта түзеу мекемесінде өтейді. Оның бұған дейінгі түрмеде отырған бір күні жаза мерзімінің бір жарым күніне есептелетін болды.
Ғани Құлдасов, судья: «Сот өзінің жария еткен үкімін былай деп түсіндіреді. Іс бойынша барлық дәлелдемелер жан-жақты талданды. Жәбірленушінің жауаптары, сот сараптамалар, өзіңіздің алғашқы жауаптарыңыз, соның бәрін талдап, баға беріп, сотталушы Алауов сіз жәбірленушіге азғындық жасады деп танып отыр».
37 жастағы сотталушы наурыз айының соңында 8-сынып оқушын жеке көлігімен Шымкентке қыдырамыз деп алып шығып, жол жиегіне тоқтап, тиіскен деген күдікке ілінген еді. Ол соттан өзін «Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер» бабымен жазалауды сұраған. Оның сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым беретіні не бермейтіні беймәлім.
“Мен сені жақсы көремін» деп сөзі өзгере бастады. Содан соң құшақтап, сүйіп, көкірегімнен ұстап, санымнан ұстаған болатын. Сол кезде қолын қайтарған болатынмын”.
14 жастағы жәбірленуші отбасындағы бес баланың кенжесі. Оның мұғаліммен ара қатынасын ата-анасы білмеген. Анасы мұғалім қызымның өтпелі кезеңін пайдаланбақ болды деген еді. Оқиғадан соң оқушы тұйықталып, мінезі өзгерген. Дәм татпай, оқшаулана бастаған. Онымен психологтар жұмыс істеген. Ал мектеп әкімшілігі сабақты онлайн оқуға көшірген еді.
Ғани Құлдасов, судья: «Қаңтардан бастап жәбірленушіге уатсап желісі арқылы жазғаныңыз, оны кездесуге өзіңіз звандап шақырғаныңыз, кіріс, шығыс қоңырауларын зерделеп, сот осындай шешімге келіп отыр».
Соталушы 16 жылдан бері дене шынықтыру пәні мұғалімі болып жұмыс істеген. Бұрын сотты болмаған, отбасылы, 5 баланың әкесі. Оның үстінен алғашында Қылмыстық кодекстің «Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу» бабымен іс қозғалып, қамауға алынған еді.
Дилара Иса






