Шымкенттегі «ЛТД Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жаңа басшы тағайындалды. Коммуналдық мекемені енді Бақыт Төребекұлы Бертаев басқаратын болды.
Ол бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігінде арнайы бөлімдерді басқарған. Ал «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Гүлнар Сапарымбет «Жасыл аймақ» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне ауысты.