Шымкентте картингке арналған алаңшалар жоқ

Шымкентте картингке арналған арнайы алаңшалар жоқ. Сондықтан түрлі сайыстар өткізу қиындық туғызып отыр. Оқушылар сарайының директоры осылай дейді.

Ал оқушыларға әзірге қала сыртында дайындалуға тура келеді. Құны 10 мың доллорды құрайтын картингтің тек екеуіне қалалық қазынадан ақша бөлініпті.

Алайда бұл мәселе көліктің тізгінін ұстап, рөльге отырған оқушыларды тоқтатпақ емес. Ұйымдастырылған түрлі сайыстарға қатысып, дайындықтарын пысықтауда. Аса қызығушылықпен кіріскен сүйікті істерін тастамақ емес. Өйткені жақын күндері Польшада картингтен сайыс өтеді. Үлкен сынға қатысуға шақырту алған балалар әзірге қаржылық қиындықтарға тап болып отыр.

Наталья Романова — оқушылар сарайының директоры: «Балалардың дайындығы өте жақсы. Сайыстарға қатысуға дайын деп айта аламын. Олар уақытының денін көлікпен бірге өткізеді. Мұның олар үшін пайдасы өте көп. Тек өздерін сынап көруге, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беру керек».