Түрлі құбырлар, профильдер, металл тақтайшалар мен шатырлар. Шымкенттің бұдан басқа да құрылыс заттары ел аумағында үлкен сұранысқа ие. Бүгінде «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдараламасы аясында жобаларды сәтті жүзеге асырып жүргендер сапынан «Юг Пром Сталь» кәсіпорны да табылып отыр. Мекеменің 2,5 гектар аумағында өндіріс цехы мен қойма бөлмелері жайғасқан. Жыл сайын мұнда 4 мың тонна өнім өндіреді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zth8zUWqZgY[/youtube]
Мұнда құбырлар мен өзге де құрылыс заттары тек қазақстандық жоғары сапалы шикізаттан өндіріледі. Ал болат орауыш-шарғылардың 90 пайызын Қарағандыдан тапсырыспен алдырып келеді. Арнайы өндіру-қондырғылары өнімді кесіп қана қоймайды, оның сапасын қамтамасыз етеді. Қызметті қадағалау цех операторы Сұлтан Смандиярға жүктелген. 25 жастағы маман қондырғының бар қабілетін пайданала отырып, дайын дүниеге қол жеткізеді.
Сұлтан Смандияр, цех маманы: «Күн сайын жұмыс қарбалас өрбиді. Егер бір жағдай бола қалса, мен шұғыл тетікті басамын. Жұмыс сол мезетте тоқтайды. Істен шыққан техниканы дереу ауыстырып, жұмысты жалғастырамыз. Мұнда барлық қауіпсіздік шаралары сақталған».
Кесілген штрипс-тілмелерді құбырдың сызықтарының өңдеуіне береді. Мұнда оған дөңгелек немесе шаршы пішіндерді жасалады. Кәсіпорынның ұсынымында қазір құбырдың 30-дан астам түрлері бар.
Әбдіқаһар Ордабаев, «Юг Пром Сталь» ЖШС бас директоры: «2011 жылы бізге жаңа қондырғылар мен техникалар қажет болды. Бұл үшін бізге «Даму» көмектесті. Қытайдан керек-жарақтың барлығын әкелдік. Бас-аяғы 700 мың доллар ақша кетті, есесіне біз аяққа тұрдық».
«Юг Пром Сталь» бүгінде 28 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын басшылығының сөзіне сенсек, мекеме өндіріс көлемін арттырып, өнім санын 2 есеге көбейтуді жоспарлап отыр.