Жасөспірім қыз құбырдан құлап, суға батып кетті

162

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің дағдарысты жағдайлар басқармасына жазатайым оқиға туралы хабарлама қала тұрғынынан 7 тамызда сағат 14.47-де келіп түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2011 жылы туған қыз абайсызда өзен үстіндегі құбырдан құлап, суға батып кеткен. Ол жүзе алмайды екен.

Қайғылы оқиға Еңбекші ауданындағы Қарабастау тұрғын алабындағы Бадам өзенінде болған. Оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бірнеше сағат бойы су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде құтқарушы сүңгуірлер қыздың денесін тауып алып, судан шығарып, туыстарына берді.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 10 қызметкері мен 4 техникасы тартылды.