«Қазына» этно-кешенін қалдық басуда

316

005

Шымкенттің шырайын кіргізеді деген «Қазына» этнокешенінің кейпі мәз емес. Жуырда ғана пайдалануға берілген «Бәйдібек би» ескерткіші маңына орналасқан орталықтың тазалағы сын көтермейді. Тұрғындардың серуен сауық құратын саябағында қоқыс үйіліп жатыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=AjHW2uI5WCg[/youtube]

 

Демалыс орнының қараусыз қалғанын пайдаланғандар түрлі қалдықтарды тастап кетеді. Оның үстіне, уақтылы тазаланбағандықтан, тұрмыстық қоқыс тау болып үйіліп қалған. Миллиондаған қаржыға салынған кешеннің осындай кейіпке түскеніне тұрғындар алаңдаулы. Әсіресе, кешкі салқында жанына сая іздейтін зейнеткерлер «Қазынаның» қалпына қынжыла қарайды.

006

Этнокешеннің тазалығына жауапты қалалық әкімдік мамандары қандай да бір жауап беруден ат-тонын ала қашты. Сылтаумен сан тарапқа сілтеген олар мардымды түсінік бере алмады. Ал зейнеткерлер көрікті саналған кешенде дәл қазір қадағалау күшейтілмесе, ертең күйреуге айналады деп алаңдап отыр.