Көктемгі мал дәрілеу жұмыстары аяқталды

452

Облыста кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары толығымен аяқталды. 15 мамырда басталған шаралар барысында 1 млн 94 мың ірі қара мен 4 мыңнан астам ұсақ мал тоғытылған.

Сондай-ақ 28 млн шаршы метр қора-қопсы дәріленіпті. Сала мамандарының айтуынша6 бұл жұмыстарды атқаруға 34 арнайы, 22 дәрі шашатын көлік пен 346 қондырғы пайдаланылған. 700-ге тарта адам жұмылдырылды.

Биыл күнгейде кене шағу оқиғасы өткен жылмен салыстырғанда 250 кісіге артық тіркеліп отыр. Бірақ әзірше қайғылы жағдай кездеспепті.