Кенеге қарсы залалсыздандыруға дәрі әлі жоқ

749
Кенеге қарсы залалсыздандыруға әлі дәрі жоқ

Кенеден сақ болыңыз! Облыс бойынша Конго-қырым қанды қызбасы ауруынан эпидемологиялық қолайсыз жағдай сақталуда. Бүгінгі таңға дейін 1000-ға жуық жерлесімізді кене шаққан. Жаға ұстатарлық мәліметте хабарлаған санитарлар мен дәрігерлер және ветеринария саласының мамандары табиғатқа шыққанда абай болуға шақырады.

Кенеге қарсы залалсыздандыруға әлі дәрі жоқ

Биыл улы жәндіктен жапа шеккендер саны әлдеқайда көп. ҚҰдай сақтағанда, соңы өлімге соққан жағдай тіркелген жоқ. Ал былтыр конго-қырым қанды қызбасымен 6 адам ауырып, екеуі мерт болған. Бір өкініштісі, кене шаққандар саны мыңнан асып жығылса да, әлі күнге дейін өңірдегі қора-қопсы мен төрт түлікті залалсыздандыру жұмыстар басталмаған. Дәрі жоқ дейді ветеринарлар.

Облыстағы барлық малды дәрілеп шығу үшін 232 тонна ұнтақ, 47 мың тонна сұйық дәрі қажет. Ал осы күнге дейін 7 мыңнан астам кене жинап, зертханада тексерген санитар мамандар 58 кенеден ауру көзі табылғанын айтып отыр.

Қалай болғанда да дәрі жоқ деп қарап отыруға болмайды. Сақтық шараларына өзіміз кірісуіміз қажет деген дәрігерлер кене тістеген жерлестерімізге уақыт өткізбей ауруханаға қаралуға кеңес береді. Ал ауырмайтын жол іздесеңіз, тіпті, мереке кездерінде табиғат аясына шықпаңыз дейді.

Нұрлан Жаңабай