Леңгір қаласындағы мектеп бітірушілерінің бірі өзіне-өзі қол жұмсады. Жас қыз биылғы тестілеуден жинаған 91 балын азсынған. Құдай сақтағанда, аман қалды.
Қарындасының асылуға бел буған жерінен ағасы көріп қалып, құтқарды. Қазір әлі 18-ге толмаған бойжеткен аудандық аурхананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Мұндай әрекетке жас қыз тест қорытындысын біргеннен кейін барған. «Ешкімге салмақ салғым келмейді» деген жазуы бар тілдей хат жазып қалдырып кеткен екен. Ж. есімді оқушы Леңгір қаласындағы №5 гимназияда білім алған. 11 жыл бойы үздік оқып, мектептің белсенді оқушысы болыпты.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=r0g4pNtBH2c[/youtube]
Биыл ҰБТ басталмай тұрып арнайы емтихан тапсырып, Омск мемлекеттік техникалық университетінде тегін оқуға жолдаманы жеңіп алған екен. Алайда өмірмен қош айтыспақ болған түлек өзі қалаған медицина саласына түсуі үшін 105 балды жинауы тиіс болыпты.
Ауруханаға немересінің хал-жағдайын білуге келген әженің айтуынша, 3 маусым күні үлттық тестілеуге қатысқан оқушы аз балл жинадым деп, үйіне жылап келген екен. Араға бір күн салып, сабасына түскен ол кешкісін атасы мен апасының тамағын дайындайды. Үйін жинастырып, сағат 19:00-дер шамасында үйінен шығып кеткен.
Жеткіншектің оғаш әрекетін бірінші болып ағасы байқап қалған. Биіктігі 3 метрлік сарайдың ішінде жүк қойылатын шкафқа төсенішті орап, асылып қалған қарындасын шешіп алып, алғашқы көмек көрсетіпті.
Содан кейін оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдем дәрігерлері түлекті ауруханаға алып кетеді. Жансақтау бөлімі меңгерушісінің айтуынша, өз өміріне қол салған 1997 жылғы қыз қалалық ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Бірден жасанды демалдыру аппараты кигізіліп, көмек көрсетілген. Ал науқастың қазіргі жағдайы бір қалыпты дейді меңгеруші.
Ал бірнеше жыл бойы педагогикалық қызмет атқарып, зейнетке шықан әжесі немересінің мұндай қадамға баруын ұлттыққ тестілеудің салдарынан деп отыр. Өйткені сынақ тапсырмас бұрын қызындай болған жеткіншектің қатты қобалжығанын айтады. Және мұндай сынақ тапсыру жүйесі оқушыларды психологиялық қиындықтарға тап қылады дейді ардагер ұстаз.
Науқас содан бері жансақтау бөлімінде жатыр. Екі күн өтті. Ал дәрігерлер тағы бір тәуліктен кейін өзіне келуі мүмкін деп отыр.