“Таза Қазақстан” науқаны аясында Төлеби ауданында 30 мыңға жуық көшет егілді

Төлеби ауданы аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елдімекендерде санитарлық тазалықты қамту бағытында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы өтіп жатыр.

Науқан аясында аудандағы жол және өзен бойындағы қоқыстарды тазалау, көшет отырғызу, қураған ағаштарды кесу, тал түптерін әктеу, арыз-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Ленгір-Екпінді бағытындағы жол бойында өткен шараға еріктілер мен белсенділер, жастар, мекеме қызметкерлері, жалпы 100-ден астам адам қатысты.
Одан бөлек, аудан орталығындағы «Төлеби саябағы» аумағын көркейту, көгаландыру жұмыстарына жалпы 300-ден астам қала тұрғындары мен еріктілер атсалысты.
Леңгір қаласындағы Ленгерка өзені бойында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қураған ағаш бұтақтарын шауып, өзен арнасын бөгеп тұрған ағаштарды алып, жалпы 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Жалпы апталық аясында аудан аумағында 1 500 ағаш әктеліп, 15 тонна күл-қоқыс шығарылып, 29600 дана көшет егілді.