Мүлікті жариялау басталғалы бері 1200-ден астам өтініш түскен

223

Мүлікті жария ету шарасы басталғалы бері облыста осыған дейін 1200-ден астам өтініш түскен. Тұрғындар 9,5 миллиард теңгенің жылжымайтын мүлкін заңдастыру үшін тиісті құжаттарын тапсырған.

Айта кетейік, азаматтар мүліктерінен өзге ақшасын, құнды қағаздарын заңдастыра алады. Онымен қоса, меншік иесі жарғылық капиталға қатысу үлесі мен құрылыс нормаларына сай келетін нысандарын да жария ете алады. Салаға жауаптылар халыққа түсіндіру жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмеуі салдарынан кейбір аудан қалалар заңдастыру шарасынан қалыс қалып отырғанын жасырмады.

Қазына түсетін кірістің басты бөлігі халқы тығыз орналасқан Сайрам, Төле би, Түлкібас, Сарыағаш аудандары мен Шымкент қаласына тиесілі. Айта кетейік, комиссия мүшелері осыған дейін 250 өтінішті кері қайтарған. Яғни мамандар 2 млрд 500 миллион теңгенің жылжымайтын мүлкін заңдастыру талаптарына сай деп таппаған. Жауаптылардың сөзіне сенсек, жергілікті халық әлі де заңдастыру талаптарынан бейхабар.

Жекешелендіру шарасы осы жылдың желтоқсанына дейін жалғасады. Барлық аудан, қала әкімдігінің ғимаратында жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізу бойынша арнайы комиссиялар жұмыс істеп жатыр. Әділет органдарынан құралған топ мүліктерді жариялаудың заңдылығын жан-жақты тексеруге міндетті.