Мамандар қауын-қарбызды тексерді…

541

Облыс орталығындағы базарларда қазір қауын-қарбыз жаппай сатыла бастады. Бақша өнімінің бұл түрі ірі сауда орталықтарында да толып тұр. Алайда мезгілінен ерте піскен өнімдер адам денсаулығына зиянды емес пе? Бұл сұраққа біздің арна тілшілері жауап іздеп көрді.

006

Зертхана мамандарының айтуынша, қауын-қарбыздағы химиялық нитраттың адам ағзасына зиянын екі жолмен анықтауға болады. Алғашқысы — «Соэкс» жаңа технология құралын пайдалану арқылы. Оның қорытындысы лезде шығады. Алайда бұл қорытындымен сатушы келіспеген жағдайда мамандар бұрыннан қолданыстағы қондырғыға жүгінеді.

007-1

Ұлтай Бердібаева, зертхана меңгерушісі: «Соэкс» қондырғысы арқылы мына кесілген қарбыздан сараптаманы төрт жерінен сынама ретінде аламыз. Сол төрт қорытындының қосындысынан ортақ анықтама шығады. Мысалы, біз қазір тексерген қарбыздың нитраты 63 милиграмм. Ал нормасы — 60. Дегенмен бұл өнім денсаулықа зиянды емес.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=842qjMlak18[/youtube]

Дихандардың табанды еңбегінің нәтижесінде биыл қауын-қарбыз жылдағыдан 10 күнге ерте піскен. Бағасы да арзан дейді сатушылар. Көтерме базарда қарбыздың келісі — 25, қауын 90- 100 теңгеден сатылуда.

007

Дегенмен, дәрігерлер ерте піскен бақша өнімдерін аса сақтықпен пайдалануға кеңес береді. Себебі сатылымға шыққан қауын-қарбыздардың басым көпшілігі арнайы тексеруден өткізіледі деп айту қиын.

Нұрлан Жаңабай