Ерте піскен қауын, қарбыздың құрамында нитрат көп

1084

Шымкент базарларында қауын-қарбыз сатыла бастады. Ерте піскен, қайдан әкелінгенін сұрап, әуес асты жегісі келетіндер аз емес. Сауда орнында пайда болған бақша өнімдерін арнайы зертханада тексеріп те жатыр. Адам ағзасына айтарлықтай зиян емес дейді мамандар.

 

 

«Жібек жолы» көтерме сауда базарында қауын қарбыз тиелген жүк көліктері қаз – қатар тізіліп тұр. Ерте піскен бақша өнімдері Жетісайдан жеткізілген. Дихандар өнімдерін саудалауға кіріскен. «Өнімнің біразын Солтүстікке де тасымалдап жатырмыз», -дейді. Ерте піскен көкөністің адам ағзасына әсері қандай екенін сұрап, құрамын зерттегісі келетіндер де жоқ емес. Оған сауда орнындағы арнайы зертханадағы санитар мамандардың да жауабы дайын. Бақша өнімдерінің нитратын өлшейтін қондырғы оның нормадын біршама артық екенін көрсеткен. Адам ағзасына айтарлықтай зиян емес дегенімен, көп жеуге болмайды деп кеңес берді.

 

 

Негізі, биыл оңтүстіктің дихандары базарларға өнімдерін кештеу әкелген. Айтуларынша, ауа райының салқындығынан дақылдар кешірек піскен. Ал бағасы өткен жылдағыдан арзандау. Саудагерлер былтыр өнімдері қымбаттау сатылғанын айтуда.

Көздің жауын алатын тәтті қауын, қарбызды дәмін татып, жегісі келетінде аз емес. Бірақ сақ болған жөн. Әсіресе, айран-сүт ,қымыз қымыран және спиртті ішімдіктен кейін көкөністі жеуге болмайды дейді санитар мамандар. Бақша өнімдерінің нитраты әр адамның ағзасына әр түрлі әсер ететіндіктен шілдеге дейін тек десерт ретінде ғана пайдалануға кеңес береді. Сақтықта қорлық жоқ.

Нұрлан Күдерұлы