Оңтүстікте еңбекті қанау тыйылмай тұр

240

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссиясы Оңтүстікте келелі кеңес өткізді. Жиында «Еліміздегі адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы адам құқықтарын қорғаудың өзекті проблемалары» атты арнайы баяндаманың тұсауы кесілді.

Құжатта адам саудасының құрбаны болғандардың мәселесі қаралған. Айта өтейік, әлемдегі 160 елдің арасында Қазақстан осы мәселе тұрғысында 90-орында келеді. Бұл дегеніңіз — елде еңбекті қанау мен зорлық-зомбылық бар деген сөз.

Ал Оңтүстік өңірінде адам саудасы көптеп кездеседі, әсіресе, кәмелет жасқа толмағандар зардап шегеді екен. Сондай-ақ, еңбекті қанау оқиғасы да тіркеледі. Яғни, шекара асып келетін өзбек, қырғыз, тәжік азаматтарының төккен теріне қиянат жасалынады дейді өкілетті комиссия өкілі.

Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия өкілі: «Оңтүстікте кең тарағаны — еңбекпен қанау мәселесі. Екінші орында — зорлық-зомбылық. Сосын жас балаларды сату.»