«Отырар» медиахолдингінде ашық есік күні өтті

290

Байыпты басылым — баршаның қолында. «Отырар» телеарнасы және «Оңтүстік РАБАТ» пен «РАБАТ» газеті өз оқырман-көрермендері үшін ашық есік күнін өткізді.

Жерлестеріміз бұл күні редакцияның ұжымымен етене танысып, сүйікті басалымдарына жазылды. Бұдан бөлек отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесіне қатысуға мүмкіндік алды. Оған қоса алпауыт компаниялардың демеушілігімен лотерея ойнатылып, түрлі сыйлықтар таратылды.

007

Көпшілік таңғы сағат 8-ден бастап «Отырар» медиахолдингіне ағылды. Мұндағы мақсаты жалғыз — сүйікті басылымдарына жазылу. «Оңтүстік Рабат» пен «Рабат» газеттерінің оқырмандары алғашқылардың бірі болып редакциядан табылды. Батпа Бисетаева 5 жылдан бері басылымнан қол үзбей келеді, енді ашық есік шарасына қатысып, ұжым әзірлеген арнайы сыйды иеленді.

008

Редакциямызға келген көпшілік сүйікті басылымдарымен ғана қауышқан жоқ. Олар үшін «Отырар» медихолдингі отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесін ұйымдастырды. Оған «Зерде-фито», «Визит», «Бөген», «Ордабасы құс», «Нури зулол» сынды компаниялардың өкілдері келіп, өнімдерін зауыт бағасында ұсынды. Сый-таралғысын да үлестірді.

009

Сондай-ақ, «Борменталь» медициналық мекемесінің дәрігерлері салмақ тастау бойынша тегін кеңес берді. «Диастом» тіс емханасының қызметкерлері медициналық тексеруге кіріскен. «Рабат» және «Оңтүстік Рабат» газеттерінің оқырмандары үшін арнайы «Хатико» мал дәрігерлік емханасының, «Евромебель» салон желісі, «SWEDKAZ» фирмасының «Барф» өнімі, «Мадлен» компаниясы және «Черемушка» дәмдері ұсынылды. Ал «Изуми» сауда желісінің атынан лотерея ойыны ойнатылды.

«Рабат» газетінің рекдакциясы осыдан 14 жыл бұрын алғаш рет оқырманға жол тартса, «Оңтүстік Рабат» басылымы 5 жылдан бері жарық көріп келеді. Қазіргі уақытта халықтың көзі, һәм құлағы ретінде жаңалықтың жаршысы болып жүр. Әдеттегідей ұжым үшін — оқырманның талап-тілегі басты орында.

Қуантарлығы сол — бұл күні «Оңтүстік Рабат», «Рабат» басылымдары жаңа оқырмандарымен де қауышты. Енді халық пен билік арасындағы дәнекерге айналған бұл газет ұжымдары қалың қауым үшін тер төгуін одан әрі жалғастырмақ.