Пәтерін жалға берушілер ұсталды

403

Шымкент қаласындағы Айбергенов, Жангелдин көшелері бойындағы көпқабатты үйлердің тұрғындарынан маза қашып тұр. Ондағы пәтерлерді сағатқа, тәулікке жалдағандар бұл маңайды жынойнаққа айналдырып, жұртты мезі еткен. Осыған байланысты Әл Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы рейд ұйымдастырып, көлеңкелі бизнесті күнкөріске айналдырғандарды тұзаққа түсірді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=VI-HWiPs38w[/youtube]

Жұрттың тыныштығын қашырғандар рейдке келген тәртіп сақшыларынан сескенбейді. Қайта қыр көрсетіп, полицейлерді біраз әбігерге салды. Екі сағатқа созылған шара барысында көлеңкелі бизнестен нәпақасын тауып жүрген үш тұрғын ұсталды. Құқық қорғаушылар осындай әрекеттер арқылы бұзақыларға тұсау саламыз дейді.

Жангелдин көшесіндегі бір көпқабатты үйде онға жуық пәтер жалға беріледі. Тұрғындар баспаналарды сағаттап, тәуліктеп жалға алатындар үйдің кіреберісі мен ауланы ластап тастайды деп отыр. Онымен қоймай, тыныштығымызды бұзады деп ашулы. Бұзақылардан қауіптенетіндіктен балалар да аулада ойнаудан қалған. Егде кісілер кешқұрын жанымызды шүберекке түйіп отырамыз дейді.

Бірқатар заң бұзушылықтардың бетін ашқан тәртіп сашылары пәтәр берушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұлдар салды. Көлеңкелі бизнеспен айналысқандар енді заңды бұзғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Ал полицейлер рейдтік шараларды тоқтатпай, тағы да ұйымдастырып тұрамы здеп уәде берді.