Шымкенттегі «Көрме» орталығында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында өңірлік форум өттті. Отандық өндірушілер мен кәсіпкерлер cалаға тиесілі мемлекеттік көмектермен танысып, түйткілді мәселелерді талқылады.
Форумға ұлттық компаниялар мен даму институттары, сондай-ақ, екінші деңгейлі банк өкілдері де қатыстырылды. Айта кетейік, бүгінде ауылдық елдімекендерде бизнес өкілдерін қаржылық қолдау әлсіз. Салаға жауаптылар мұны несиелендіру ұйымдарын ашу арқылы шешеміз деп отыр.
Кәсіпкер Бақытжан Бейсембаев банк өкілдерімен кездесіп, несиелендіру жолдарымен танысып жүр. Іскер азамат бүгінде кәсіпкерлікке тиесілі мемлекеттік көмектердің жетктілікті екенін айтады. Алайда, шаруалар қаржылық қолдауға қол жеткізуді білмейді және оны сауатты егере алмайды. Сондай-ақ дайын өнімдерді сату жолдарын да жергілікті бизнес өкілдері әлі күнге меңгере алмай келеді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=o6Oi8IGTTtA[/youtube]
Нақ осында іскерлер кәсіпкерліктің көсегесін көгертпей жатқан түйткілдерді ортаға салып, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ бизнесмендер инвесторларды тарту жолдарын да айқындап алды. Айта кетейік, кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру мақсатындағы мұндай шаралар ауылдық елдімекендерде де жалғасатын болады.