Облыстық қан орталығында бүкіл әлемдік донор күні аталып өтілді. Оған қала тұрғындары көптеп жиналды. Жыл сайын донор қаны өмір мәні екенін ұғынғандар саны артып келеді.
Күнгейдің қан орталығында 2005 жылдан бері қайтарымсыз база жұмыс істейді. Осы арқылы кез келген жан өзіне сәйкес келетін донорды қиындықсыз таба алады.
Бұл күні де орталық мамандары 200 адамнан қан аламыз дейді. Айта өтейік, өткен жылы 25 мыңға жуық шымкенттік 14 мың литр қан тапсырған.