Түркістан облысында медициналық мекеме нысандары көптеп салынуда

373

«2018 жыл  Түркістан облысы үшін жаңашылдыққа толы болды»,- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев. Басқарма басшысы жылды қорытындылап, келешекке түзген жоспарларымен бөліскен болатын.

Мұқан Егізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

«Биыл денсаулық сақтау саласына жақсы көңіл бөлінді. Соңғы 5-6 жылда ірі емханалар салынбаған болатын. Биыл  Сайрам ауданы, Кентау қаласы, Шардара, Жетісай, Мырзакент пен Атакентте  ірі емханалардың құрылысы басталып, келер жылдың аяғында аяқталмақ.  Тағы бір жағымды жаңалық. Перинаталдық орталыққа  қосымша 150 орындық перзентхана  құрылысының басталғанына бір ай болды, ол да келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.  Жылдың басынан бері 62 медициналық пунктің құрылысын бастап, бітірдік. Қазір қабылдау актілері өтіп жатыр. Бұл да үлкен қуаныш. 50, 800 адам тұратын шағын ғана ауылдарда осындай медициналық бекеттер салынғанына  халық риза. Өңірімізде екі ауылдық емхананың құрылысы бітуге жақын.  Жақында Төлеби ауданында  медициналық пунктің ашылу рәсімі өтеді».

2019 жылдан бастап Түркістан қаласында  көпсалалы аурхананың құрылысы басталмақ. Құрылыс барысын денсаулық сақтау министрлігі қадағалайды.  Облыс орталығындағы балалар аурахансының жанынан 150 орындық аурухана салынады.

Облыстық СПИД, облыстық қан орталығы, онкологиялық диспансері, тубдиспансерлерінің жобалық сметалық құжаттарына қаржы бөлінді. Әрине, барлығы бір мезетте бой көтермейді, кезең-кезеңімен  салынады. Бұл ауқымды  жобалар. Біздің облыс үшін бұл үлкен жетістік».

Шынар Оразова