Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы тілшілер қауымын төл мерекесімен құттықтады. Журналистерге департамент бастығы Асқар Шуашұлы Оспановтың өзі бастаған бір топ жоғарғы шенді тәртіп сақшылары мерекелік дастархан жайды.
Бұл басқосуға жергілікті телеарна, газет және радиодан бастап республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының меншікті тілшілері жиналды. Тәртіп сақшылары оқиға орнына өздерімен бірге жететін журналистер қауымына шығармашылық табыс тілеп, алдағы уақытта да бірге жұмыс жасауға шақырды.